Ақмешіт 2 обасы

Ақмешіт 2 обасы

Қарағанды облысы, Нұра ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Нұра ауданы
Кезеңі
799 б.з.д. – 299 б.з.д.
Санаты
Алдын-ала есепке алу тізімі
Түрі
Оба
Түрі
Археология ескерткіштері
Қорғау аймағы

Сипаттама

Ақмешіт ауылынан солтүстік-батысына қарай 14,6 км, Алғабас ауылынан солтүстік-шығысына қарай 7 км, Киевка-Ақмешіт автотрассасынан оңтүстігіне қарай 4 км, Нұра өзенінің сол жағалауынан оңтүстігіне қарай 4 км жерде орналасқан. Қорғанның диаметрі 18 м, биіктігі 1,7 м болатын тас үйіндісінен тұрады. Қорғанның төбесінде тригопункттің іргетасы белгіленген.

Ескерткішті 2009 жылы И.А. Кукушкиннің басшылығымен ҚарМУ жанындағы Сарыарқа археологиялық институтының іздестіру жасағы ашты.

Әдебиет:

Кукушкин И.А. , Шашенов Д.Т., Кукушкин А.И., Елибаев Т.А., Дмитриев Е.А. – Қарағанды облысы Нұра ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды / 2016. – 140 б.


Карта

Фотогалерея

Бөлісу