
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
- Кезеңі
- 799 б.з.д. – 299 б.з.д.
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Авторлар
- Варфоломеев Виктор Васильевич
Сипаттама
Апия қыстауынан оңтүстік-оңтүстік-батысқа қарай 1 км, Суықсу өзенінен солтүстік-батысқа қарай 13 км жерде, Көктал өзенінің сол жағалауында орналасқан. Ескерткіш екі тас қорғаннан және тікбұрышты қаламадан тұрады. 1 қорғанның диаметрі 18 м, биіктігі 0,5 м. 2 қорған 1 қорғаннан оңтүстік-оңтүстік- батысқа қарай 20 м жерде орналасқан, оның диаметрі 0,8 м, биіктігі 0,5 м. Қалама тікбұрышты болып келген, көлемі 6х4 м, батыс-солтүстік-батыс – шығыс-оңтүстік-шығысқа қараған.
2014 жылы САИ экспедициясы ашқан (В.В. Варфоломеев).
Әдебиет:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.