
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
- Кезеңі
- 799 б.з.д. – 299 б.з.д.
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Мұртты қорған
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Авторлар
- Варфоломеев Виктор Васильевич
Сипаттама
Апия қыстауынан оңтүстік-оңтүстік-батысқа қарай 0,9 км, Суықсу өзенінен солтүстік-батысқа қарай 13 км жерде, Көктал өзенінің сол жағалауында орналасқан. Тас қорғанның диаметрі 8 м, биіктігі 0,4 м. Тас қатарлы-мұрттары қорғаннан шығысқа қарай созылып жатыр, мұртының ұзындығы шамамен 60 м. Мұрттары кішігірім қорғандармен басталып, аяқталады.
2014 жылы САИ экспедициясы ашқан (В.В. Варфоломеев).
Әдебиет:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.