
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
- Кезеңі
- 500 – 1000
- Санаты
- Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Қорғау аймағы
- ✓
- Авторлар
- Жауымбаев Сагандык Убаевич
Сипаттама
Алтынсу І қорымы Алтынсу өзенінің оң жағалауында орналасқан. Дұрыс орналастырылмаған тас үйінділі үш қорғаннан тұрады.
№1 қорған – диаметрі 4 м, биіктігі 0,2 м.
№2 қорған – диаметрі 5 м, биіктігі 0,5 м.
№3 қорған – ұзындығы 5 м, ені 4 м, биіктігі 0,3 м. Қорғанның оңтүстігінде 2 қорған бұзылып жатқан терең геологиялық шурф бар.
Алтынсу І қорымын 1979 жылы С.У.Жауымбаевтың басшылығымен Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ археологиялық экспедициясының барлау тобы ашқан.
Әдебиет:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.