
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
- Кезеңі
- 799 б.з.д. – 299 б.з.д.
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Авторлар
- Варфоломеев Виктор Васильевич
Сипаттама
Ескерткіш Қарасу өзенінің оң жағалауында, Жартас (Ақжар) су қоймасының солтүстігіне, Ақжар селосынан 21 км солтүстік-шығысқа қарай орналасқан.
Қорым 5 тас қорғаннан тұрады.
1 қорғанның диаметрі 30 м, биіктігі – 2 м, диаметрі 35 м тас сақинамен қоршалған. Сақинаның ені – 2-3 м. Қорғанның ортасында кішігірім шұңғыма түрінде тонаушылық іздері байқалады.
2 қорғанның диаметрі 12 м, биіктігі 1 м, ортасында шұңғымасы бар.
3 қорғанның диаметрі 8 м, биіктігі 0,8 м. Қорғанға ұзындығы 100 м, солтүстік- шығыс бағыттан тас «мұрттар» сұғына еніп жатыр.
4 қорғанның диаметрі 8 м, биіктігі 0,6 м.
5 қорғанның диаметрі 9 м, биіктігі 0,8 м.
Алмажан 3 қорымын 2008 жылы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ археологиялық экспедициясының барлау тобы ашқан (В.В. Варфоломеев).
Әдебиет:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.