Алғабас қорымы

Алғабас қорымы

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Кезеңі
799 б.з.д. – 299 б.з.д.
Санаты
Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Түрі
Қорым
Түрі
Археология ескерткіштері
Қорғау аймағы

Сипаттама

Алғабас қорымы Алғабас селосынан оңтүстік-батысқа қарай 5 км, Шилі өзенінің сол жағалауынан оңтүстікке қарай 0,3 км жерде орналасқан. 1983 жылы жүргізілген зерттеу жұмыстары кезінде қорымнан бес қорған табылған, оның төртеуі батыс-шығыс бағытында тізбектеліп орналасқан. 2007 жылы жоғарғы жағында тек бір қорған ғана көрініс беріп тұрған. Қалғандары жер жырту кезінде жойылып кеткен. Қорғанның диаметрі шамамен 10 метр, биіктігі – 0,3 метр Қорғанның айналасында жекелеген тастар – жыртылған құрылыстардың қалдықтары көзге шалынады.

Алғабас қорымына 1955 жылы Л.Ф.Семенов зерттеу жұмысын жүргізеді. 1983 жылы ҚарМУ археологиялық экспедициясының барлау тобы қайта зерттейді (В.В. Варфоломеев).

Әдебиет:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.


Карта

Фотогалерея

Бөлісу