
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Нұра ауданы
- Кезеңі
- 5000 б.з.д. – 1000 б.з.д.
- Санаты
- Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Тұрақ
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Қорғау аймағы
- ✓
Сипаттама
Шөптікөл ауылынан оңтүстік-батысына қарай 26 км, ескі қыстақтан оңтүстік-батысына қарай 0,5 км, бұлақтан оңтүстігіне қарай 10 км жерде, Айдаһарлы тауында Жақсыкөң өзенінің сол жағалауында орналасқан. Үңгір өзен суынан шамамен 6 м биіктіктегі құзда орналасқан. Екі кіреберісі бар: біреуінің ені 6 м, биіктігі 2 м, екіншісінің ені 3 м, биіктігі 2 м. Ішінде екі кіреберісі ұзындығы шамамен 20 м бір кіреберіске бірігеді де, тағы да екіге бөлінеді. Ескерткіш үңгірлер ұзақ уақытты кен өңдеудің нәтижесі болып табылатын ежелгі кен орнына жатқызуға болады. Үңгірдің кіреберісінен неолит дәуіріне жататын шақпақтас табылды, жақын маңайда орналасқан неолит тұрағымен байланысты.
Ескерткішті 1976 жылы В.С. Волошиннің басшылығымен Целиноград облыстық тарихи-өлкетану мұражайының археологиялық экспедициясының барлау жасағы ашты.
1987 жылы А.Ю. Чиндиннің басшылығымен Қарағанды мемлекеттік университетінің археологиялық экспедициясы барлау отряды екінші рет зерттеді.
Әдебиет:
Кукушкин И.А. , Шашенов Д.Т., Кукушкин А.И., Елибаев Т.А., Дмитриев Е.А. – Қарағанды облысы Нұра ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды / 2016. – 140 б.