
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Нұра ауданы
- Кезеңі
- 1699 б.з.д. – 1000 б.з.д.
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Қоныс, Тұрақ
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Қорғау аймағы
- ✓
- Авторлар
- Волошин Валерий Степанович
Сипаттама
Шөптікөл ауылынан оңтүстік-батысына қарай 26 км, мазарлардан оңтүстік-батысына қарай 1 км, Желдіадыр тауынан оңтүстік-шығысына қарай 10 км, Айдаһарлы 2 тұрағынан шығысына қарай 0,2 км жерде Жақсыкөң өзенінің оң жағалауында орналасқан. Тұрақтың беті аздап шымдалған. Қыстақтың қалдықтары анықталды. Қазба жұмыстары кезінде керамика бөліктерінің жиынтығы жинақталған. Жәдігерлердің таралу ауданы шамамен 3000 м2 құрайды.
Ескерткішті 1976 жылы В.С. Волошиннің басшылығымен Целиноград облыстық тарихи-өлкетану мұражайының археологиялық экспедициясының барлау жасағы ашты.
Әдебиет:
Кукушкин И.А. , Шашенов Д.Т., Кукушкин А.И., Елибаев Т.А., Дмитриев Е.А. – Қарағанды облысы Нұра ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды / 2016. – 140 б.