Айдаһарлы 3 тұрағы

Айдаһарлы 3 тұрағы

Қарағанды облысы, Нұра ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Нұра ауданы
Кезеңі
5000 б.з.д. – 3000 б.з.д.
Санаты
Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Түрі
Тұрақ
Түрі
Археология ескерткіштері
Қорғау аймағы

Сипаттама

Шөптікөл ауылынан оңтүстік-батысына қарай 26 км, Желдіадыр қыстағынан оңтүстік-шығысына қарай 10 км, мазарлардан батысына қарай 200 м жерде, Жақсыкөң өзенінің сол жағалауында орналасқан. Ескерткіштің бетіне аздап топырақ үйілген, тұрақ ауданында нуклеустар, қырғыштар, қашаулар, кескіш, бифастар, қырғылар, пышақ, жебе ұштары, пластиналардан жасалған бұйымдар табылды. Мәдени қабаты жоқ.

Ескерткішті 1976 жылы В.С. Волошиннің басшылығымен Целиноград облыстық тарихи-өлкетану мұражайының археологиялық экспедициясының барлау жасағы ашты.

1987 жылы А.Ю. Чиндиннің басшылығымен Қарағанды мемлекеттік университетінің археологиялық экспедициясы барлау отряды екінші рет зерттеді.

Әдебиет:

Кукушкин И.А. , Шашенов Д.Т., Кукушкин А.И., Елибаев Т.А., Дмитриев Е.А. – Қарағанды облысы Нұра ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды / 2016. – 140 б.


Карта

Фотогалерея

Бөлісу