Айдаһарлы 2 тұрағы

Айдаһарлы 2 тұрағы

Қарағанды облысы, Нұра ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Нұра ауданы
Кезеңі
5000 б.з.д. – 3000 б.з.д.
Санаты
Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Түрі
Тұрақ
Түрі
Археология ескерткіштері
Қорғау аймағы

Сипаттама

Шөптікөл ауылынан оңтүстік-батысына қарай 26 км, Желдіадыр қыстағынан оңтүстік-оңтүстік-шығысына қарай 10 км, қыстақтан оңтүстігіне қарай 1,5 км, қираған қыстақтың батысына қарай 0,2 км, Айдаһарлы үңгірінен солтүстік-шығысына қарай 100 м жерде, Жақсыкөң өзенінің сол жағалауында орналасқан. Үйілген топырақтың жоғарғы бетінен шақпақтастар, пластиналар, тас құралдар сонымен қатар керамика бөліктері табылды. Жәдігерлердің таралу ауданы шамамен 5000 м2 құрайды.

Ескерткішті 1976 жылы В.С. Волошиннің басшылығымен Целиноград облыстық тарихи-өлкетану мұражайының археологиялық экспедициясының барлау жасағы ашты.

1987 жылы А.Ю. Чиндиннің басшылығымен Қарағанды мемлекеттік университетінің археологиялық экспедициясы барлау отряды екінші рет зерттеді.

Әдебиет:

Кукушкин И.А. , Шашенов Д.Т., Кукушкин А.И., Елибаев Т.А., Дмитриев Е.А. – Қарағанды облысы Нұра ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды / 2016. – 140 б.


Карта

Фотогалерея

Бөлісу