
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Нұра ауданы
- Кезеңі
- 799 б.з.д. – 1900
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Қорғау аймағы
- ✓
- Авторлар
- Кукушкин Игорь Алексеевич
Сипаттама
Қорым Қыпшақ көлінен оңтүстікке қарай 8 км жерде, тригопункттен солтүстік-батысқа қарай 3 км жерде орналасқан. Қорым тас үйіндісі бар 2 қорғаннан тұрады. Шығысқа қарай 10 м-де төрт бұрышты мазарлар мен "қауын"типті құрылыстардан тұратын ескі қазақ зираты орналасқан.
Қорған 1-диаметрі 23 м, биіктігі 1,1 м.
Қорған 2-диаметрі 10 м, биіктігі 0,5 м.
Ескерткішті 2010 жылы И.А. Кукушкиннің басшылығымен ҚарМУ жанындағы Сарыарқа археологиялық институтының іздестіру жасағы ашты.
Әдебиет:
Кукушкин И.А. , Шашенов Д.Т., Кукушкин А.И., Елибаев Т.А., Дмитриев Е.А. – Қарағанды облысы Нұра ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды / 2016. – 140 б.