
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Нұра ауданы
- Кезеңі
- 12000 б.з.д. – 5000 б.з.д.
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Тұрақ
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Қорғау аймағы
- ✓
Сипаттама
Қарақойын қыстағынан солтүстік-батысына қарай 18 км, Қыпшақ көлінен оңтүстік-батысына қарай 10 км жерде, ұсақ шоқының шығыс баурайында орналасқан. Мәдени қабаты жоқ, тұрақ ауданында нуклеустар, қырғыштар, бүйір оймасы бар тас кетпен, бифас құралдары, қырғылар, сынықтар, жебе ұштары, пластиналар, тас бұйымдар мен өндіріс қалдықтары табылды. Жәдігерлердің таралу ауданы шамамен 1500 м2 құрайды.
Ескерткішті 1980 жылы В.К. Мерц пен Д. Шевченконың құрамында Целиноград облыстық тарихи-өлкетану мұражайының археологиялық экспедициясының қатысушылары ашты.
1984 жылы В.С. Волошиннің жетекшілігімен Целиноград облыстық тарихи-өлкетану мұражайының археологиялық экспедициясының барлау отряды екінші рет зерттеді.
Әдебиет:
Кукушкин И.А. , Шашенов Д.Т., Кукушкин А.И., Елибаев Т.А., Дмитриев Е.А. – Қарағанды облысы Нұра ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды / 2016. – 140 б.