
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Нұра ауданы
- Кезеңі
- 799 б.з.д. – 299 б.з.д.
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Қорғау аймағы
- ✓
- Авторлар
- Кукушкин Игорь Алексеевич
Сипаттама
Әубәкір қыстағынан солтүстік-батысқа қарай 0,8 км, Бірматал қыстағынан оңтүстік-батысқа қарай 1км жерде, Керей өзенінің сол жағалауында тегіс жазықтықта орналасқан. Қорым 2 қорғаннан тұрады. Қорған 1 диаметрі 3м, биіктігі 2 м болатын топырақ үйіндісінен тұрады. Төбесінде бұрындары тұрған тригопункттың негізі табылды. Қорған 2 диаметрі 8 м, биіктігі 0,3м болатын тас үйіндісінен тұрады. Одан шығысқа қарай басында және соңында тас қорғандармен шектелген екі доға тәріздес тас қаламалар орналасқан. Тас тізбегінің ұзындығы 80 м, олардың арасындағы ара қашықтық 60 м құрайды.
Ескерткішті 2011 жылы И.А. Кукушкиннің басшылығымен ҚарМУ жанындағы Сарыарқа археологиялық институтының іздестіру жасағы ашты.
Әдебиет:
Кукушкин И.А. , Шашенов Д.Т., Кукушкин А.И., Елибаев Т.А., Дмитриев Е.А. – Қарағанды облысы Нұра ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды / 2016. – 140 б.