
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Нұра ауданы
- Кезеңі
- 799 б.з.д. – 299 б.з.д.
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Оба
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Қорғау аймағы
- ✓
- Авторлар
- Кукушкин Игорь Алексеевич
Сипаттама
Керей өзенінің оң жағалауынан шығысына қарай 4,5 км, Барақбай ескі қыстағынан шығысына-солтүстік-шығысына қарай 0,5 км, тригопункттан-1 оңтүстік-батысына қарай 5 км, тригопункттан-2 оңтүстік-оңтүстік-шығысына қарай 9,5 км жерде, кішігірім төбенің маңындағы тегіс алаңында орналасқан. Қорған диаметрі 30 м, биіктігі 3 м болатын тас-топырақ үйіндісінен тұрады. Орталық бөлігінде диаметрі 3 м болатын тоналған шұнқыр бар, қорғанның айналасында ені 5 м болатын сақиналы ор көрінеді.
Ескерткішті 2011 жылы И.А. Кукушкиннің басшылығымен ҚарМУ жанындағы Сарыарқа археологиялық институтының іздестіру жасағы ашты.
Әдебиет:
Кукушкин И.А. , Шашенов Д.Т., Кукушкин А.И., Елибаев Т.А., Дмитриев Е.А. – Қарағанды облысы Нұра ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды / 2016. – 140 б.