
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Нұра ауданы
- Кезеңі
- 799 б.з.д. – 299 б.з.д.
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Оба
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Қорғау аймағы
- ✓
- Авторлар
- Кукушкин Игорь Алексеевич
Сипаттама
Әубәкір қыстағынан солтүстік-шығысқа қарай 1 км, Бірматал қыстағынан оңтүстік-батысқа қарай 1 км, Керей өзенінің оң жағалауынан шығыс-оңтүстік-шығысына қарай 0,3 км жерде, біркелкі тегіс алаңда орналасқан. Қорған тас-топырақ үйіндісінен тұрады, диаметрі 31 м, биіктігі 3 м. Айналасында сақиналы ор бар, ені 3 м және тереңдігі 0,3 м дейін жетеді. Солтүстік пен оңтүстігінде кейінгі ортағасырлық жерлеу орындары шоғырланған, олар тас қаламалы болып келеді.
Ескерткішті 2010 жылы И.А. Кукушкиннің басшылығымен ҚарМУ жанындағы Сарыарқа археологиялық институтының іздестіру жасағы ашты.
Әдебиет:
Кукушкин И.А. , Шашенов Д.Т., Кукушкин А.И., Елибаев Т.А., Дмитриев Е.А. – Қарағанды облысы Нұра ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды / 2016. – 140 б.