
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Нұра ауданы
- Кезеңі
- 799 б.з.д. – 299 б.з.д.
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Оба
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Қорғау аймағы
- ✓
- Авторлар
- Кукушкин Игорь Алексеевич
Сипаттама
Керей өзенінен шығыс-оңтүстік-шығысына қарай 0,35 км, Әубәкір қыстағынан солтүстік-шығысқа қарай 1,6 км, Бірматал қыстағынан оңтүстік-оңтүстік-батысқа қарай 0,6 км жерде, біркелкі ашық алаңда орналасқан. Қорған диаметрі 20 м, биіктігі 1,5 м тас үйіндісі бар, айналасында ені 3 м дейін, тереңдігі 0,2 м дейін сақиналы ор байқалады. Солтүстігінде менгір орнатылған.
Ескерткішті 2010 жылы И.А. Кукушкиннің басшылығымен ҚарМУ жанындағы Сарыарқа археологиялық институтының іздестіру жасағы ашты.
Әдебиет:
Кукушкин И.А. , Шашенов Д.Т., Кукушкин А.И., Елибаев Т.А., Дмитриев Е.А. – Қарағанды облысы Нұра ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды / 2016. – 140 б.