
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Нұра ауданы
- Кезеңі
- 1699 б.з.д. – 299 б.з.д.
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Қорғау аймағы
- ✓
- Авторлар
- Кукушкин Игорь Алексеевич
Сипаттама
Әубәкір қыстағынан оңтүстік-батысына қарай 0,3 км, электр тасымалдау желісінен солтүстігіне қарай 0,3 км жерде, Керей өзенінің сол жағалауында орналасқан. Қорым қорғаннан және 4 қоршаудан құралған. Қорған диаметрі 20 м, биіктігі 2 м болатын топырақ үйіндісіне ие. Төбесінде диаметрі 5 м. тең шеңбер пішініндегі тас қоршау құрылған. Қорғанды айнала ені 2 м дейін, тереңдігі 0,3 м болатын сақиналы ор көрінеді. Қорғанда меңгір орнатылған. Қоршаулар бүйіріне жатқызылған плиталардан және етпетінен орнатылған тастардан құралған тік төртбұрыш пішінге ие. Өлшемі 3х4 тен 4х6 м дейін.
Ескерткішті 2010 жылы И.А. Кукушкиннің басшылығымен ҚарМУ жанындағы Сарыарқа археологиялық институтының іздестіру жасағы ашты.
Әдебиет:
Кукушкин И.А. , Шашенов Д.Т., Кукушкин А.И., Елибаев Т.А., Дмитриев Е.А. – Қарағанды облысы Нұра ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды / 2016. – 140 б.