
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Нұра ауданы
- Кезеңі
- 3000 б.з.д. – 2250 б.з.д.
- Санаты
- Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Тұрақ
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Қорғау аймағы
- ✓
- Авторлар
- Волошин Валерий Степанович
Сипаттама
Ескерткіш Жанбөбек өзенінің сол жағалауында, Жанбөбек ауылынан оңтүстік-батысына қарай 1 км, фермадан батысына және оңтүстік-батысына қарай 450 м, оң жағалаудағы үйінділерден солтүстік-батысына қарай 300 м жердегі төбенің басында орналасқан. Өлшемі 50×100 м жазықтықта тұрақ-шеберхана табылды. Шығар ауыздан ашық қоңыр түсті кремний жынысының қалдықтары мен алғаш өңделген тастардың қалдықтары табылды.
Ескерткішті 1976 жылы В.С. Волошиннің басшылығымен Целиноград облыстық тарихи-өлкетану мұражайының археологиялық экспедициясының барлау жасағы ашты.
Әдебиет:
Кукушкин И.А. , Шашенов Д.Т., Кукушкин А.И., Елибаев Т.А., Дмитриев Е.А. – Қарағанды облысы Нұра ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды / 2016. – 140 б.