
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Нұра ауданы
- Кезеңі
- 5000 б.з.д. – 3000 б.з.д.
- Санаты
- Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Тұрақ
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Қорғау аймағы
- ✓
- Авторлар
- Волошин Валерий Степанович
Сипаттама
Жанбөбек өзенінің сол жағалауында, Жанбөбек ауылынан оңтүстік-оңтүстік-батысында қарай 1 км, Жанбөбек фермасынан батысы және оңтүстік-батысына қарай 250 м, үйіндінің батысына қарай 100 м, қарсы жақтағы жағада орналасқан. Өлшемі 150×40 м болатын беті тегіс құмның үстінгі қабатынан тастан жасалған сынықтар, қырғыштар, қырғылар, кескіштер, тескіштер табылды. Мәдени қабаты жоқ.
Ескерткішті 1976 жылы В.С. Волошиннің басшылығымен Целиноград облыстық тарихи-өлкетану мұражайының археологиялық экспедициясының барлау жасағы ашты.
Әдебиет:
Кукушкин И.А. , Шашенов Д.Т., Кукушкин А.И., Елибаев Т.А., Дмитриев Е.А. – Қарағанды облысы Нұра ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды / 2016. – 140 б.