Жанбөбек 4 тұрағы

Жанбөбек 4 тұрағы

Қарағанды облысы, Нұра ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Нұра ауданы
Кезеңі
7999 б.з.д. – 3000 б.з.д.
Санаты
Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Түрі
Тұрақ
Түрі
Археология ескерткіштері
Қорғау аймағы

Сипаттама

Жанбөбек ауылынан оңтүстік-шығысына қарай 7км, Жанбөбек-Баршын тас жолынан оңтүстікке қарай 0,7 км, электр тасымалдау желісінен солтүстігіне-солтүстік-батысына қарай 0,5 км жерде, шоқының баурайындағы бұлақтың маңында орналасқан. Ескерткіш арқылы дала жолы өтеді. Тұрақ өлшемі 110×80 м болатын теп- тегіс алаңды алып жатыр. Қазып алынған заттардың коллекциясының саны 689 жетті: керамиканың қалдықтары, жебенің ұштары, қырғыштар, нуклеустер, пышаққа ұқсас пластиналар, өндіріс қалдықтары жатады. 1977 ж. ескерткіштің 50 м2. болатын мәдени қабаты аршылды. Қазба жұмыстары кезінде табылған: тастан, сүйектен, керамикадан жасалаған заттардың коллекцияның саны 10000 асып жығылды. Ескерткіш мезолит (б.з.д. VIII-VI мың ж.) және неолит-энеолит дәуірлерін (б.з.д V-III мың ж.) қамтиды.

Ескерткішті 1975 жылы В.С. Волошиннің басшылығымен Целиноград облыстық тарихи-өлкетану мұражайының археологиялық экспедициясының барлау жасағы ашты.

Әдебиет:

Кукушкин И.А. , Шашенов Д.Т., Кукушкин А.И., Елибаев Т.А., Дмитриев Е.А. – Қарағанды облысы Нұра ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды / 2016. – 140 б.


Карта

Фотогалерея

Бөлісу