
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Нұра ауданы
- Кезеңі
- 5000 б.з.д. – 2250 б.з.д.
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Тұрақ
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Қорғау аймағы
- ✓
- Авторлар
- Кукушкин Игорь Алексеевич
Сипаттама
Жанбөбек өзенінің сол жақ жағасында, Жанбөбек ауылынан оңтүстік-батысқа 1 км, ескі фермадан оңтүстік-шығысқа 50 м, ЭТЖ-нен оңтүстікке 0,4 км жерде орналасқан. Қоныс бірінші және екінші өзенінің қасындағы суат террасанда орналасқан. Табылған заттардың таралу ауданы 115х50 м құрайды.
Зерттеу жұмыстары кезінде тастан жасалған бұйымдар: жапсырмалар, пластинкалар, микролиттер, жебенің ұшы, сынықтар, сондай-ақ өрнектелмеген қызыл түсті қыш фрагменттерінің коллекциясы жинақталды.
Ескерткішті 2009 жылы И.А. Кукушкиннің басшылығымен ҚарМУ жанындағы Сарыарқа археологиялық институтының іздестіру жасағы ашты.
Әдебиет:
Кукушкин И.А. , Шашенов Д.Т., Кукушкин А.И., Елибаев Т.А., Дмитриев Е.А. – Қарағанды облысы Нұра ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды / 2016. – 140 б.