
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Нұра ауданы
- Кезеңі
- 799 б.з.д. – 1200
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Қорым, Ғұрыптық кешен
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Қорғау аймағы
- ✓
- Авторлар
- Кукушкин Игорь Алексеевич
Сипаттама
Жақсықон өзенінің оң жағалауынан оңтүстік-шығысына қарай 1 км, Тур кенішінен оңтүстік-батысына қарай 18 км, Тур кені мен Шұбаркөл разрез тас жолының батысына қарай 17 км жердегі тегіс алаңда орналасқан.
№1 құрылыс. Қорған тас-жер диаметрі 22 м, биіктігі 1,8 м. жоғарғы жағында тригопункт орнатылған.
№2 құрылыс. "Дің" типті құрылыс. Тастан жасалған диаметрі 5 м, биіктігі 1,5 м.
№3 құрылыс. Жоспардағы тікбұрышты қоршау тастан тұрғызылған ұзындығы 2 м, ені 1 м. солтүстік-батыс – оңтүстік-шығыс сызығына бағытталған.
Ескерткішті 2011 жылы И.А. Кукушкиннің басшылығымен ҚарМУ жанындағы Сарыарқа археологиялық институтының іздестіру жасағы ашты.
Әдебиет:
Кукушкин И.А. , Шашенов Д.Т., Кукушкин А.И., Елибаев Т.А., Дмитриев Е.А. – Қарағанды облысы Нұра ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды / 2016. – 140 б.