
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Нұра ауданы
- Кезеңі
- 5000 б.з.д. – 3000 б.з.д.
- Санаты
- Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Тұрақ
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Қорғау аймағы
- ✓
Сипаттама
Шөптікөл ауылынан оңтүстік-батысына қарай 27 км, Желдіадыр қыстағынан оңтүстігіне қарай 10 км, Айдаһарлы үңгірінен батыс-солтүстік-батысына қарай 0,7 км жерде, Жақсыкөң өзенінің сол жағалауында орналасқан. Үйілген топырақтың жоғарғы бетінен шақпақтастар, пластиналар және сынықтар табылды. Жәдігерлердің таралу ауданы шамамен 3000 м2 құрайды.
Ескерткішті 1976 жылы В.С. Волошиннің басшылығымен Целиноград облыстық тарихи-өлкетану мұражайының археологиялық экспедициясының барлау жасағы ашты.
1987 жылы А.Ю. Чиндиннің басшылығымен Қарағанды мемлекеттік университетінің археологиялық экспедициясы барлау отряды екінші рет зерттеді.
Әдебиет:
Кукушкин И.А. , Шашенов Д.Т., Кукушкин А.И., Елибаев Т.А., Дмитриев Е.А. – Қарағанды облысы Нұра ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды / 2016. – 140 б.