Щербаков 2 мекені

Щербаков 2 мекені

Қарағанды облысы, Нұра ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Нұра ауданы
Кезеңі
5000 б.з.д. – 2500 б.з.д.
Санаты
Алдын-ала есепке алу тізімі
Түрі
Тұрақ
Түрі
Археология ескерткіштері
Қорғау аймағы

Сипаттама

Құланөтпес өзенінің сол жақ жағалауында, Щербаков ауылынан оңтүстік-шығысына қарай 3,5 км, фермадан оңтүстік-шығысына қарай 2 км жерде орналасқан, ескерткіштің маңайынан дала жолы өтеді. Аздап топырақ үйілген жазықтықта тастан жасалған бұйымдар табылды: 5 ұсақ және 2 ірі сынық, 1 орташа өңделген медиальды тілікше, 3 ұсақ тас құралы, 1 тас қырғыш, сонымен қатар оюсыз керамика бөліктері.

Ескерткішті 1991 жылы А.Ю. Чиндин мен В.В. Вартоломеевтің құрамында ҚарМУ барлау отряды ашты.

Әдебиет:

Кукушкин И.А. , Шашенов Д.Т., Кукушкин А.И., Елибаев Т.А., Дмитриев Е.А. – Қарағанды облысы Нұра ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды / 2016. – 140 б.


Карта

Фотогалерея

Бөлісу