Майоровка қонысы

Ахметауылынан (Энтузиаст) оңтүстік-оңтүстік-батысына қарай 5 км, Майоровка ауылынан шығыс-солтүстік-шығысына қарай 3 км жерде Нұра өзенінің оң жағалауында орналасқан. Тұрақтың ауданы 15-18 мың шаршы метр. 1983 жылы тұрақ жалпы қазба жұмыстарымен ауданы 936 шаршы метр зерттелді. 5 тұрғынжай толық немесе жартылай зерттеліп, нұра-федоров бейнесіндегі еңбек құралдары мен керамика табылды.

Ескерткіш 1980 жылы А.А. Ткачевтің басшылығымен Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің барлау жасағымен ашылды.

Әдебиет:

Кукушкин И.А. , Шашенов Д.Т., Кукушкин А.И., Елибаев Т.А., Дмитриев Е.А. – Қарағанды облысы Нұра ауданының археологиялық картасы. – Қарағанды / 2016. – 140 б.

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Майоровка қонысы
Орналасқан жері Қарағанды облысы, Нұра ауданы
Мұраның авторлары
Мұра түрі Археология ескерткіштері
Мұраның санаты Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Мұра типі Қоныс Тұрақ
Қорғау аймағы Бар