Тегісжол І қорымы

Ескерткіш Нұра өзенінің сол жағалауында, Самарқанд пен Тегісжол селоларының аралығында, Қарағанды-Киевка автожолынан 700 м жерде орналасқан. Ол «мұртты» қорғаннан, бес қорғаннан және ежелгітүрік қоршауынан тұрады. «Мұртты» қорғанның диаметрі 9 м, биіктігі 0,3 м, табақ тәрізді пішінде болып келген. «Мұртының» ұзындығы шамамен 200 м, ені 1,5-2 м, олар оңтүстік-шығысқа қараған. Әрбір «мұрт» диаметрі шамамен 2 м қорғандармен басталып, аяқталып отырады. 3-6 қорғандар – тастан қаланған, диаметрі – 5-6 м, сонымен бірге 4 және 5 қорған шет жақтары жақын орналасып, ендік бағытқа қараған. Ежелгітүрік қоршауы тігінен плиталардан қаланған, оның көлемі 3,5х3,5 м, ішкі жағы ұсақ тастармен толтырылған.

Тегісжол қорымын 1988 жылы ҚарМУ экспедициясы ашқан (Кукушкин И.А.).

Әдебиет:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Тегісжол І қорымы
Орналасқан жері Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Мұраның авторлары
Мұра түрі Археология ескерткіштері
Мұраның санаты Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Мұра типі Қорым
Қорғау аймағы Бар