Тегісжол қорымы

Ескерткіш Теміртау қаласынан батысырақ 10 км, Нұра өзенінің сол жағалауында Самарқанд пен Тегісжол селоларының аралығында орналасқан. Ол Қойтас тауының аласа жоталарынан батысына қарай кішігірім қыратты алып жатыр. Ескерткіштен батысқа қарай кішірігім тасты жоталар көзге түседі, ал оның ар жағында Нұра өзені ағып жатыр. Қорымнан солтүстікке қарай шамамен 80 км жерден Қарағанды-Киевка автожолы өтеді. Ескерткіш аумағынан тігінен қаланған плиталар мен тас қаламалардан тұратын сопақша келген 35 тас құрылыс пен жекелеген тастар мен плиталар кездеседі.

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ экспедициясы қазба жұмыстарын жүргізген. Андронов және беғазы-дәндібай мәдениетінің жерлеу орындары ашылған.

Әдебиет:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.

Ақпарат
Сипаттама
Карта
Фото
Мұра атауы Тегісжол қорымы
Орналасқан жері Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Мұраның авторлары
Мұра түрі Археология ескерткіштері
Мұраның санаты Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Мұра типі Қорым
Қорғау аймағы Бар