
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
- Кезеңі
- 1699 б.з.д. – 1499 б.з.д.
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Авторлар
- Варфоломеев Виктор Васильевич
Сипаттама
Ескерткіш Нұра өзенінің сол жағалауында, Самарқанд селосынан оңтүстік- батысқа қарай 2 км, Тегісжол селосынан солтүстік-шығысқа қарай 3 км, Қарағанды-Киевка автожолы мен Нұра өзенінің көпірінен солтүстік-шығысқа қарай 2 км жерде орналасқан. Өзен ағысынан арақашықтығы – 600-800 м. Ескерткіш аумағы жыртылған. Тастан, күлдіктерден, сүйек-саяқтан, керамикадан және тастан жасалған заттардан тұратын тас құрылыстардың аумағы 8000 шаршы метрді алып жатыр. Алаңның шеткі жағында ежелгі жеркепелердің шұңқырлары сақталып қалған. 2003 жылы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ экспедициясы қазба жұмыстарын жүргізген. Алынған материалдарға қарап ескерткіш жұртының екі кезеңін – андронов және беғазы-дәндібай дәуірін айыруға мүмкіндік туған.
Темірқаш қонысын 2008 жылы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ археологиялық экспедициясының барлау тобы ашқан. (В.В. Варфоломеев).
Әдебиет:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.