Қойтас обасы

Қойтас обасы

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Кезеңі
1499 б.з.д. – 899 б.з.д.
Санаты
Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Түрі
Оба
Түрі
Археология ескерткіштері
Қорғау аймағы

Сипаттама

Қойтас қорғаны Нұра өзенінің сол жағалауында, Нұра өзенінің көпірнен оңтүстік-шығысқа қарай 500 м, Самарқанд селосынан оңтүстік-шығысқа қарай 3 км жерде, Нұра өзенінен 100 м тасты төбеде орналасқан. Ескерткіш көлемі 8,5х9 м тіктөртбұрышты пішінді тас төсемдері түрінде берілген. 2007 жылы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ археологиялық экспедициясы ескерткішке археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген. Тазалау жұмысын жүргізу барысында көлемі 8х,8,25 м, төрт жаққа қараған төртбұрышты тас кесене анықталған. Кесененің қабырғалары гранит плиталардан қаланған және тігінен түскен тас плиталармен қапталған. Құрылыстың ішінде көлемі 4х4,25 м жерлеу орны бар. Қабір тонаушылыққа ұшыраған. Қабірдің ішінде бір керамикалық ыдыстың сынықтары мен тері өңдеуге арналған диск табылған. Ескерткіш беғазы-дәндібай мәдениетіне жатады.

Қойтас қорғанын 2005 жылы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ археологиялық экспедициясының барлау тобы ашқан. (В.В. Варфоломеев).

Әдебиет:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.


Карта

Фотогалерея

Бөлісу