
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
- Кезеңі
- 799 б.з.д. – 299 б.з.д.
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Авторлар
- Кукушкин Игорь Алексеевич
Сипаттама
Нұра өзенінің сол жағалауында, Тасауыл селосынан батысқа қарай 2 км, қазақ бейіттерінен оңтүстік-оңтүстік-шығысқа қарай 300 м, Ростовка селосынан шығысқа қарай 2,5 км жерде орналасқан. Жыртылған жерден 6 тас үйіндісі мен жекелеген тастар мен плиталар – жер жырту кезінде бүлініске ұшыраған тас қорғандар табылған. Қорғандардың көлемдерін бүлінуден соң нақты анықтау мүмкін болмаған.
Ирмек 2 қорымын 1988 жылы ҚарМУ экспедициясы ашқан (И.А.Кукушкин).
Әдебиет:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.