
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
- Кезеңі
- 1699 б.з.д. – 299 б.з.д.
- Санаты
- Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Қорғау аймағы
- ✓
Сипаттама
Ескерткіш Ақтөбе селосынан оңтүстік-батысқа қарай 7 км жерде, Нұра өзенінің оң жағалауында, жағалау мүйісінің беткейінде орналасқан. Ескерткіштің аумағы ежелгі қазақ қыстауларының жұртымен жабылған. Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясы андронов мәдениетінің жерлеу орындарымен тас қоршауларға зерттеу жұмысын жүргізген. Қазіргі уақытта жоғарғы қабатында тек бір ғана тігінен тұрған плиталар мен бейіттің жекелеген тастары қалған.
Әдебиет:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.