
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
- Кезеңі
- 1699 б.з.д. – 1499 б.з.д.
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Авторлар
- Ткачев Александр Александрович
Сипаттама
Ескерткіш Нұра өзенінің оң жағалауында, Ақтөбе селосынан солтүстік- шығысқа қарай 2 км жердегі ежелгі өзен арнасы мен байырғы көлдің солтүстік - шығысы аралығында орналасқан құм төбеден көрініс береді. Құм төбенің биіктігі көлдегі су деңгейінен – 4-5 м. Құм төбенің басында бұрынғы қазақ қыстауларының қалдықтары кездеседі. Құм төбенің бүйірінде жоғары шеткі жақтары жоғары қабаттан 5-15 см көтеріңкі келген тас жәшіктер түріндегі жекелеген бейіттер көзге түседі. Ескерткіштің аумағы – шамамен 4000 шаршы м. Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясы 1988-1990 жылдары 51 жерлеу орнына қазба жұмыстарын жүргізген. Ескерткіш андронов мәдени-тарихи қауымдастығының атасу-алакөл мәдениетіне жатады.
1988 жылы КОИКМ экспедициясы ашқан(А.А.Ткачев).
Әдебиет:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.