
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
- Кезеңі
- 799 б.з.д. – 299 б.з.д.
- Санаты
- Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Қорғау аймағы
- ✓
- Авторлар
- Варфоломеев Виктор Васильевич
Сипаттама
Ақтөбе 3 қорымы Ақтөбе селосынан оңтүстік-батысқа қарай 4 км, Нұра өзенінің оң жағалауында, өзен ағысынан шамамен 250 м жерде төбенің шығыс жақ жазық беткейінде орналасқан. Ескерткіш төрт құрылыстан – екі тас қорғаннан және екі тас қаламадан тұрады.
1 құрылыс – диаметрі 8 м, биіктігі 0,8 м қорған.
2 құрылыс - диаметрі 3 м, биіктігі 0,15 м қорған.
3 құрылыс – көлемі 2х3 м, биіктігі 0,1 м тіктөртбұрышты қалама.
4 құрылыс - көлемі 2х2 м, биіктігі 0,1 м тіктөртбұрышты қалама.
Ақтөбе 3 қорымын 2007 жылы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ археологиялық экспедициясының барлау тобы ашқан (В.В. Варфоломеев).
Әдебиет:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.