Байқадам тұрағы

Байқадам тұрағы

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Кезеңі
5000 б.з.д. – 3000 б.з.д.
Санаты
Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Түрі
Тұрақ
Түрі
Археология ескерткіштері

Сипаттама

Байқадам селосынан батыс-оңтүстік-батысқа қарай 4,7 км, Қарағанды- Павлодар автожолынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,4 км, Ертіс-Қарағанды каналы мен тасжолының қиылысынан солтүстік-шығысқа қарай 4,8 км жерде. Ескерткіш сырға талдар өскен белгісіз бұлақтан солтүстік-шығысқа қарай жазық төбе басында, Байқадам селосының оңтүстігінде орналасқан. Шамамен 500 шаршы метр аумақтан ұсақ жаңқалар мен тасты кварциттер мен ящмадан жасалған құралдардың сынықтары табылған. Сонымен бірге екі қола жебелердің тығынды ұштары алынған. Бірі – екі қырлы болып келген (кейінгі қола кезеңіне жатады), екіншісі – ромбы тәріздес, сақ дәуірінің ежелгі жебе ұштарына келеді.

2014 жылы САИ экспедициясы ашқан (В.В. Варфоломеев).

Әдебиет:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.


Карта

Фотогалерея

Бөлісу