
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
- Кезеңі
- 799 б.з.д. – 299 б.з.д.
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Авторлар
- Варфоломеев Виктор Васильевич
Сипаттама
Соранғы тауларының солтүстік-шығыс беткейінің сәл еңісті аумағында, Жұмабек селосынан шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай 10 км, Спасск селосынан солтүстік-шығысқа қарай 7 км жерде орналасқан. Мұртты қорғаннан және бірнеше топырақты қорғаннан тұрады.
№1 қорған – тас-топырақты, мұртты қорған, диаметрі 11 м, биіктігі 0,4 м; мұртының ұзындығы шамамен 60 м, шеттерінде кішігірім қорғандар да бар.
№2 қорған - топырақты, диаметрі 6 м, биіктігі 0,2 м; № 4 қорған – топырақты, диаметрі 5 м, биіктігі 0,2 м; № 5 қорған – топырақты, диаметрі 7 м, биіктігі 0,2 м; №6 қорған – топырақты, диаметрі 5 м, биіктігі 0,2 м; №7 қорған – топырақты, биіктігі 0,2 м; №8 қорған – топырақты, диаметрі 7 м, биіктігі 0,2 м; №9 қорған топырақты, биіктігі 0,2 м.
2014 жылы САИ экспедициясы ашқан (В.В. Варфоломеев).
Әдебиет:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.