Қосағаш 2 қорымы

Қосағаш 2 қорымы

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Кезеңі
799 б.з.д. – 299 б.з.д.
Санаты
Алдын-ала есепке алу тізімі
Түрі
Қорым
Түрі
Археология ескерткіштері

Сипаттама

Суықсу селосынан солтүстік-солтүстік-шығысқа қарай 5 км, Көктал өзенінің сол жағалауында, өзен жағалауынан 0,3 м жерде орналасқан. Төрт тас қорғаннан тұрады. №1 қорғанның диаметрі 19 м, биіктігі 2 м, қорғанның ортасымен қазылған орлармен бүлініске ұшыраған. 2 қорғанның диаметрі 5 м, кейіннен тонаушылыққа ұшырып бұзылып қалған, 0,2 м қорғанның биіктігі сақталып қалған, қорғаннан солтүстік-шығысқа қарай ұзындығы 11 м тас сүрлеу өтеді. 3 қорғанның диаметрі 4 м, биіктігі 0,5 м. 5 қорған бұзылып, бүлініске ұшыраған, шамамен диаметрі – 7 м, биіктігін анықтау мүмкін болмаған.

2014 жылы САИ экспедициясы ашқан (В.В. Варфоломеев).

Әдебиет:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.


Карта

Фотогалерея

Бөлісу