
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
- Кезеңі
- 799 б.з.д. – 299 б.з.д.
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Авторлар
- Варфоломеев Виктор Васильевич
Сипаттама
Көктал өзенінің сол жағалауында, суықсу селосынан 7 км, Қымызхан қыстауынан солтүстік-солтүстік-батысқа қарай 1,3 км, мұсылман бейіттерінен солтүстік-батысқа қарай 800 м жерде орналасқан. Бес қорғаннан тұрады. 1 – тастопырақты, диаметрі 25 м, биіктігі 2 м. Қорғанның солтүстігінде таға тәріздес ор бар, ені шамамен 5 м. 2 қорған – тас-топырақты, диаметрі 15 м, биіктігі 0,8 м. 3 қорған – тас-топырақты, диаметрі 18 м, биіктігі 1 м. 4 қорған – тас қорған, диаметрі 7 м, биіктігі 0,5 м. 5 қорған – тас қорған, диаметрі 6 м, биіктігі 0,3 м.
2012 жылы САИ экспедициясы ашқан (Варфоломеев В.В.).
Әдебиет:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.