
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
- Кезеңі
- 1699 б.з.д. – 1499 б.з.д.
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Авторлар
- Варфоломеев Виктор Васильевич
Сипаттама
Үлкен Сарыкөл көлінің батыс биік жағалауында, Суықсу селосынан оңтүстік- батысқа қарай 2,3 км жерде орналасқан. Қарағандар арасынан тігінен гранитті плиталардан қаланған 8 дөңгелек және тікбұрышты қоршаулар көзге түседі. Қоршаулардың бір бөлігі бүлінген, көлмедерін анықтау мүмкін емес. Барлық қоршауларда тонаушылық белгілері бар.
2010 жылы ҚарМУ экспедициясы ашқан (Варфоломеев В.В.).
Әдебиет:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.