
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
- Кезеңі
- 1699 б.з.д. – 1499 б.з.д.
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Авторлар
- Варфоломеев Виктор Васильевич
Сипаттама
Шатан қыстуынан оңтүстікке қарай 9 км, Жосалы қыстауынан солтүстік- батысқа қарай 7 км, Жосалы санаторийінен солтүстікке қарай 11 км, Ащысу өзенінің сол жағалауында, Аққора және Ащысу өзендерінің құйылысу орнынан оңтүстік-шығысқа қарай 0,3 км жерде орналасқан. Ескерткіштің аумағы арқылы жоғары вольты электр желісі өтеді. Қорымның көпшілік бөлігі шайылып кеткен, жағалау ойысында биіктігі шамамен екі метр қоршаудың плиталары жатыр, андронов кезеңінің керамика сынықтары кездеседі. Ескерткіштің сақталып қалған бөлігінде диаметрі шамамен 7 м, биіктігі шамамен 0,2 м екі топырақты қорған табылған.
2014 жылы САИ экспедициясы ашқан (В.В. Варфоломеев).
Әдебиет:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.