Ақөре қорымы

Ақөре қорымы

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Кезеңі
1699 б.з.д. – 1499 б.з.д.
Санаты
Алдын-ала есепке алу тізімі
Түрі
Қорым
Түрі
Археология ескерткіштері

Сипаттама

Ескерткіш Ақөре селосынан (Калинин) оңтүстік-шығысқа қарай 1,3 км, Ақөре- Корнеевка грейдерінен оңтүстікке қарай 1,6 км жерде, белгісіз кеуіп қалған су арнасының сол жағалауында, Белағаш орман шаруашылығы аумағындағы кішігірім шатқалда орналасқан. Қорым тігінен қаланған плиталы сопақша пішінді және дөңгелек келген 9 тас қоршаудан тұрады. Кейбір қоршаулар бүлін іске ұшыраған және бұрынғы пішіндерінен айрылып қалған. Қоршаулардың көлемі диаметрмен 5- тен 7 м дейін.

2014 жылы САИ экспедициясы ашқан (В.В. Варфоломеев).

Әдебиет:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.

Карта

Фотогалерея

Бөлісу