
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
- Кезеңі
- 800 – 1200
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Авторлар
- Варфоломеев Виктор Васильевич
Сипаттама
Қорым биік төбе басында, Ташық селосынан 1,5 км, Ащысу су қоймасынан шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай 2,5 км жерде орналасқан. Ескерткіш үш тас қорғаннан тұрады.
1 қорған - диаметрі 5 м, биіктігі 0,4 м.
2 қорған - диаметрі 6м, биіктігі 0,5 м.
3 қорған - диаметрі 6м, биіктігі 0,6 м.
Қорғандардың жоғарғы қабаты дұрыс тегістелмегендіктен, олар ортағасыр дәуіріне жатқызылады.
Жиендік қорымын 2007 жылы В.В. Варфоломеевтің басшылығымен Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ археологиялық экспедициясының барлау тобы ашқан.
Әдебиет:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.