Жосалы 7 қорымы

Жосалы 7 қорымы

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Кезеңі
1699 б.з.д. – 1499 б.з.д.
Санаты
Алдын-ала есепке алу тізімі
Түрі
Қорым
Түрі
Археология ескерткіштері

Сипаттама

Ақсу өзені мен атаусыз су ағысының құйылысында, Жосалы санаторийінен солтүстік-солтүстік шығысқа қарай 1,7 км жерде орналасқан. 7 құрылыстан тұрады. 1 құрылыс – сырты ормен қоршалған тас қоршаулы топырақты қорған. Қорғанның диаметрі – 15 м, биіктігі 0,4 м, қоршаудың диаметрі – 14 м, ордың диаметрі – 18 м. 2 құрылыс- диаметрі 6 м дөңгелек қоршау, кішігірім қойтастардан тұрады, қоршаудың ішіне тас толтырылған. 3 құрылыс – диаметрі 10 м қоршау. Қалған құрылыстар – пішіндерін айыру қиын, үйіндісіз тас қоршаулар.

2012 жылы САИ экспедициясы ашқан (Варфоломеев В.В.).

Әдебиет:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.

Карта

Фотогалерея

Бөлісу