
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
- Кезеңі
- 799 б.з.д. – 1000
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Авторлар
- Варфоломеев Виктор Васильевич
Сипаттама
Ақсу өзенінің сол жағалауында, Жосалы санаторийнен оңтүстік-батысқа қарай 2,3 км жерде орналасқан. Жеті құрылыстан тұрады. 1 құрылыс – диаметрі 6 м, биіктігі 0,2 м қорған. Құрылыстың ортасында биіктігі шамамен 1,5 м коникалық пішінде қатар тастар қойылған. Осы қорғанның солтүстік-батысында көлемі 9х4 м кішігірім шұңқыр бар. Қорғанның шығысында 70 м жерде жер қабатынан 0,5 биіктікте менгір көрініс береді. 2-6 құрылыстар – көлемі шамамен 2х1 м, биіктігі 0,1-0,2 м жететін оңтүстік-батыс-солтүстік-шығыс бойына бағытталған сопақша тас қаламалардан тұрады.
2012 жылы САИ экспедициясы ашқан (Варфоломеев В.В.).
Әдебиет:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.