
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
- Кезеңі
- 799 б.з.д. – 299 б.з.д.
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Авторлар
- Варфоломеев Виктор Васильевич
Сипаттама
Ақсу өзенінің оң жағалауында, Жосалы санаторийінен солтүстік-солтүстік- шығысқа қарай 1,7 км жерде орналасқан. Үш құрылыстан тұрады. 1 құрылыс – диаметрі 10 м, биіктігі 0,3 м тас қорған. Қорған тегіс жерде орналасқан, ішкі жағының тастары тегістелмеген. 2 құрылыс – көлемі 2х1 м, биіктігі шамамен 0,4 м тас қалама. 3 құрылыс – диаметрі шамамен 6 м, биіктігі 0,7 м тас-топырақты қорған. Қорғанның оңтүстігінде хризоколлалар мен азуриттер көрініп тұратын екі геологиялық шурф орналасқан.
2012 жылы САИ экспедициясы ашқан (Варфоломеев В.В.).
Әдебиет:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.