
Ақпарат
- Орналасуы
- Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
- Кезеңі
- 799 б.з.д. – 299 б.з.д.
- Санаты
- Алдын-ала есепке алу тізімі
- Түрі
- Қорым
- Түрі
- Археология ескерткіштері
- Авторлар
- Варфоломеев Виктор Васильевич
Сипаттама
Жосалы санаторийінен оңтүстік-шығысқа қарай 1,9 км жерде созылып жатқан тасты жол үстінде орналасқан. Екі тас қорғаннан тұрады. 1 қорған – тасты, диаметрі 10 м, биіктігі 0,3 м. Табақ тәріздес пішінді. Қорғанның ортасында диаметрі 4 м, биіктігі шамамен 0,2 м тас үйіндісі бар. Бұл қорғаннан солтүстік - шығысқа қарай ұзындығы шамамен 80 м, ені 1-1,2 м тас «мұрттар» кетеді. 2 қорған тастан қаланған, қорғанның оңтүстігіне қарай 80 м жерде «мұртты» қорған орналасқан. Оның диаметрі – 4 м, биіктігі 0,2 м.
2012 жылы САИ экспедициясы ашқан (Варфоломеев В.В.).
Әдебиет:
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.