Ташық қорымы

Ташық қорымы

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Кезеңі
1699 б.з.д. – 1499 б.з.д.
Санаты
Алдын-ала есепке алу тізімі
Түрі
Қорым
Түрі
Археология ескерткіштері

Сипаттама

Ащысу өзенінің оң жағалауында, Аюлы ауылынан шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай 3,5 км, Ташық ауылынан Оңтүстік-батысқа қарай 5 км жерде орналасқан. 1984 жылы ескерткішке археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген. Бұл жұмыс басталғанға дейін тігінен гранит плиталардан қаланған 38 қоршау табылған болатын. Қоршаулар дөңгелек және тікбұрышты пішінді болып келген, 6 қоршаудың қосалқы құрылыстары да болған. 2 тас қорған табылған. 17 қоршау қазылып, топырақты шұңқырлар мен тас жәшіктерде жерлеу орындары ашылған. 150-дей ыдыс-аяқ, тастан, сүйектен жасалған заттар, шұңғылшалар, қола білезіктер, белдіктер, түйреуіштер, біздер, жылқының жалы табылған. Қорым андронов дәуіріне жатады. 1984 жылы қорымның көптеген бөліктері Ащысу су қоймасын толтыру кезінде су астында қалған.

Ескерткішті 2010 жылы В.В. Варфоломеевтің басшылығымен ҚарМУ САИ баралу тобы ашқан.

Әдебиет:

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының археологиялық картасы. - В.В. Варфоломеев, Т.С. Тулеуов, А.И. Кукушкин – Қарағанды, 2014. – 138 б.


Карта

Фотогалерея

Бөлісу