Абай Құнанбайұлы тұрған үй

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы

Бастау

Ақпарат

Орналасуы
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы
Кезеңі
1850 – 1900
Санаты
Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
Түрі
Үй, Сәулет ескерткіші, Қала құрылысы
Түрі
Қала құрылысы және сәулет ескерткіштері

Дереккөздер

  • «АЛТАЙ – ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ АЛТЫН БЕСІГІ» Редактор – Даниал Ахметов. – Өскемен; 2018. – 252 бет

Сипаттама

Семейдегі Алаш арыстары үйі Қазақстан тарихындағы тұңғыш әдеби мұражай. «Алаш арыстары үйі ғимараты Семей қаласында орналасқан. Бұл – ХІХ ғасырдың екінші жартысында қос қабатты ағаштан салынған, астыңғы қабаты қызыл кірпіштен қаланған үй. Бұл үйдің иесі – Әнияр (Әнуар) Молдабайұлы (1856-1934) Шыңғыс болысында дүниеге келген Абайдың замандасы, жерлесі, шәкірті. Оның өмір жолдары М. Әуезовтің «Абай жолы» романында Данияр Қондыбаев деген атпен берілген. Абайдың талап етуімен Әнияр Ресейде біліп алып, адвокат куәлігін алған соң елге оралады. Алаш зиялыларының бірі болған Ә.Молдабаев 1917 жылы Семей облыстық қазақ комитетінің съезіне қатысып, оған мүше болып сайланған. Алаш облыстық комитетінің қазынашысы. Семей облысы Земствосы жиналысының мүшесі, Семей уездік қазақ соты жиналысының мүшесі, Земск банкі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

Үйді Әнияр Молдабаев 1898 жылы 19 қаңтарда көпес Москвиннен сатып алған. Абай және Шәкәрім, Абайдың балалары Әбдірахман, Мағауия, Тұрағұл, Кәкітай Семейге келгенде осы үйге тоқтаған. 20-жылдары мұнда М. Әуезов, Ж. Аймауытов, М. Дулатов тұрған. Абай мен Алашты байланыстыратын бірден-бір тарихи орын осы үй болғандықтан,Ә. Молдабаевтың үйінде 1944-1967 жылдары Абай мұражайы орналасты. 1988 жылға дейін қаладағы балалар кітапханасы болып, 1990 жылы Абай мұражайына қайта берілді. 1997 жылы 28 қыркүйекте М. Әуезовтің 100 жылдық мерейтойына орай «Алаш арыстары – М. Әуезов» атты жаңа мұражай экспозициясы ашылды. Семейдің алаш астанасы болуынан хабар беретін мұражайда алаш арыстарының бұрышы арнайы ашылған. Мұражай экспозициясы М. Әуезовтің Семейдегі кезеңіне, шығармашылығына, қоғамдық қызметіне және Алаш зиялыларының тәуелсіздік жолындағы қызметіне арналған төрт бөлімнен тұрады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, 1917 жылы Ақпан, Қазан төңкерістері, Алаш қозғалысы, азамат соғысы – осы тарихи оқиғалар бәрі де төл топырағымызда өзіндік ізбедерін қалдырды. 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда екінші жалпықазақ съезі өтеді. Оған 82 өкіл қатысады. Съездің күн тәртібінде он мәселенің ішінде ең маңыздылары – Ұлттық автономия, милиция, Ұлт Кеңесі. Бұл мәселелер бойынша қоғам қайраткерлері Ә. Бөкейханов, Х. Ғаббасов, М. Шоқай, Ж. Досмұхамедов баяндама жасайды. Съезд қаулысында: «Ұлттық жерлі Автономия болсын; қазақ-қырғыз автономиясы «Алаш» деп аталсын, Алаш автономиясының жер үстіндегі түгі, суы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын; Алаш облыстарын қазіргі бүліншектен қорғау мақсатымен уақытша Ұлттық Кеңес құрылсын. Мұның аты Алашорда болсын. Алашорданың уақытша тұратын орыны – Семей қаласы болсын» делінді. Алашорданың төрағасы, қазақ көсемі, саяси-қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханов болды.

Карта

Бөлісу