Ақпарат
- Орналасуы
- Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы
- Кезеңі
- 1902
- Санаты
- Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Үй, Сәулет ескерткіші, Қала құрылысы
- Түрі
- Қала құрылысы және сәулет ескерткіштері
Дереккөздер
- Қазақстанның тарихи-мәдени орындары мен жалпы зиярат ету орындарының альбомы. – Астана: ҚазМҒЗИ, 2018. – 496 бет.
Сипаттама
Қазіргі орыс театры өзінің бастауын 1902 жылы алады. Содан кейін ол Халық үйі деп аталды. Оның ашылуы 1902 жылы 26 қазанда өтіп, Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының бұрынғы ғимаратында орналасқан.
2000 жылғы ақпанда Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының базасында қазақ труппасы құрылды. 2012 жылы Өскеменде Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының жаңа ғимаратының құрылысы басталды. Бастапқыда ол жерде тек қазақ драма театры орналасады деп болжанған, бірақ кейінірек ғимарат екі труппаға – орыс және қазақ труппаларына ортақ болады деген шешім қабылданды. Театр 600 орынға есептелген, онда жаттығу залдары, шағын аудитория бар. Жаңа ғимаратта жайлы грим бөлмесі, тренажер, балет және музыка залдары орналасқан. Режиссерлер мен актерлердің иелігінде керемет жарықтандыру, сахналық және музыкалық жабдықтар, сондай – ақ дыбыс жазу студиясы бар.