Ақпарат
- Орналасуы
- Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы
- Кезеңі
- 1925
- Санаты
- Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Кесене
- Түрі
- Қала құрылысы және сәулет ескерткіштері
Дереккөздер
- Қазақстанның тарихи-мәдени орындары мен жалпы зиярат ету орындарының альбомы. – Астана: ҚазМҒЗИ, 2018. – 496 бет.
Сипаттама
Зейнолла кесенесі екі камералы ғимарат, бірінші камерасында жерлеу орны, екіншісі намаз оқуға арналған (жаназа мешіті). Бірінші камера жоспары бойынша төртбұрышты, екіншісі шеңбер пішінді.
Жерлеу камерасы кесененің бойлық осі бойымен созылған. Екі камераның қасбеттері әсем безендірілген. Әртүрлі биіктіктегі камераларды ірге және аралық карниз біріктіреді. Жерлеу камерасының кіреберіс тесігі солтүстікке сәл ауытқып, шығысқа қарай бағытталған. Қасбетінде ол қираған екі сопақ бағанға тірелген аркамен белгіленген.
Кесене сырты күйдірілген кірпіштен, ал ішкі жағы шикі кірпіштен қаланған. Кесененің жоспардағы өлшемдері 9,7х5,6 м, биіктігі – 7,9 м.
Кесене архитектонкиасында бірқатар көркемдік әдістер қолданыл5ан, соның ішінде модульді пайдалану және геометриялық үйлесімділік.