Ақпарат
- Орналасуы
- Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы
- Кезеңі
- 1894 – 1904
- Санаты
- Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Түрі
- Кешен, Үй, Зират
- Түрі
- Ансамбльдер мен кешендер
Дереккөздер
- Қазақстанның тарихи-мәдени орындары мен жалпы зиярат ету орындарының альбомы. – Астана: ҚазМҒЗИ, 2018. – 496 бет.
Сипаттама
Кешенге қала маңындағы экспозициясы бар музей-үй және Абайдың және оның жақын туыстары жерленген «Абай-Шәкәрім» кесене кешені кіреді. Сегіз бөлмеден тұратын музей-үй өзінің бастапқы келбетін сақтап қалды. Музейдің бес бөлмесі мен үш залында Абайдың туған-туыстары мен достары сыйға тартқан материалдар: араб, парсы, түрік, орыс тілдеріндегі кітаптар, сол жылдардағы фотоқұжаттар, Абайдың үш ішекті домбырасы, тұрмыстық заттар ұсынылған. Музейдің этнографиялық жәдігерлері Абайдың шығармашылығымен және дәуірімен таныстырады. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының құрамына кіреді.